Қазақстанда жаңа үйдің 1 шаршы метрі 2019 жылдың қаңтар айында 277 368 теңгені құрап, өткен аймен салыстырғанда 0,6 пайызға, ал 2018 жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштен қарағанда 3,2 пайызға қымбаттады.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті мәлімдеді.

Жайлы жабдықталған үйлердің 1 шаршы метрін қайта сатудағы орташа баға қаңтар айында 189 127 теңгені құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 0,3 пайызға, 2018 жылдың қаңтар айына қарағанда 2 пайызға қымбаттаған. Жайлы жабдықталмаған үйлердің бағасы 118 834 мың теңгені құрап отыр. Ал елімізде жайлы жабдықталған үйлердің 1 шаршы метрін жалға алудың орташа бағасы 1421 теңгені (+1,5 пайыз және 7,3 пайыз) көрсеткен.