Қазір үй интерьерінде ең танымал трендтердің бірі ас үй мен қонақ бөлменің бірігуін арқылы кең бөлме жасау. Бұл кішкене пәтерлерде кеңдікті көрсетеді деуге болады.

Айта кетейік, Қазақстан заңнамасы бойынша көпқабатты пәтерлерде үйде құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін арнайы заңды рұқсат алу керек. Және ғимаратта сақтық шаралары жүргізілуі тиіс.

Сонымен қатар, ас үйден әртүрлі иістердің қонақ бөлмеге таралып кетпеуін қамтамасыз етуді ұмытпау керек. Сондықтан желдету жүйесін ретке келтіруді ұмытпаңыз.

Тағы бір талап бар. Ол ас үйде қолданыталын техниканың даусының барынша бәсең болуы. Себебі даусы қатты шығатын техника сіздің қонақтардың немесе өз жақындарыңыздың мазасын алуы мүмкін.