Сіздерге бүгінгі күннің басты фактісін ұсынамыз. Бүгін Ватикан мәдениетіндегі ерекше мәдени мұралардың бірі – Лаокоон және оның ұлдары ескерткішінің табылған күні.

Ескерткіш мүсін маньеризм дәуірі мүсіншілеріне шабыт сыйлап, figura serpentinata(адам денесінің бұрылып тұруы) әдісінің пайда болуына себеп болған.

Ескерткіш 1506 жылы 14 қаңтарда Фелисом де Фредисомда табылып, Ватиканға жеткізілген. Оның тарихшы Плнийдің жазбасындағы мүсін екендігін анықтауға Микеланджело мен Санггалло жіберілген. Мүсінде алғаш көрген Сангалло «Бұл Плиний айтқан Лаокоон» деген екен.

Мүсін таза мәрмәрдан соғылған. Онда Лаокоонның балаларымен бірге жыланмен күресіп жатқандығы белгіленген.

Қазіргі таңда ватикандық «Лаокоон»  Ватиканда сақталған. Наполеон билігі кезінде ол тіпті Луврда сақталған. Мүсіннің бірнеше көшірмесі бар: Мәскеудегі Волхонкте, Эрмитажда, Ораниенбаумда, Одессада, Флоренцияда.