Өткен жылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша бір жұмыс күнінде орта есеппен 30 несие берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бағдарлама бойынша Алматы қаласында банктердің келісімін бір мың тұрғын алған. Берілген қарыз көлемі — 12 млрд теңге. Алматыда жыл сайынғы тұрғын үй құрылысының көлемі 3 млн шаршы метрді құрайды.

Мемлекеттік бағдарламаның шарты бойынша, ең қымбат пәтердің құны 25 млн теңгеден аспауы қажет. Бағдарламаның қаржы операторы клиенттер үшін арнайы тұрғын үй порталын әзірлеп жатыр.

«Менеджерлер құрылыс компанияларына хабарласып тұратын болады. Портал құрылыс компанияларына да тиімді. Себебі, бір дереккөз арқылы әлеуетті сатып алушылар баспананың бар-жоғын біле алады. Бұл, тұрғындар үшін де өте ыңғайлы болмақ. Қай пәтердің сатылымда екені, оның әр шаршы метрінің құны туралы мәліметтер алып, суреттерін көре алады. Қазір осы жұмыспен айналысып жатырмыз», — деді «Баспана» ипотекалық компаниясы» АҚ коммуникациялар қызметі басшысының орынбасары Айбар Олжаев.