Халықтың қалың жігін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілген болатын.

«ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша бағдарлама шарттарына сәйкес Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар келесі санаттар бойынша қабылдай алады:

  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
  • жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
  • кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Тұрғын үйге үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы керек:

1) өтініш;

2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

3) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;

4) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;

5) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алумен жалдамалы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;

6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;

7) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабында айқындалған санаттарға өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар;

8) Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар (2011 жылдың 15 желтоқсаннан бастап тұрған кезектегілер) әлеуметтік қорғау органынан күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 3,1 есе мөлшерін растайтын жиынтық табыстың есебін беретін анықтамасы (Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Достық көшесі, 13 үй, №11 үстел).

Қажет болған жағдайда азаматтар «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен қосымша құжаттар ұсыну немесе өтініш иесімен берілген мәліметтерді анықтау үшін шақырылуы мүмкін.