Шымқалада мереке қарсаңында «Жас отау» тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, 224 отбасы баспаналы болды.

Олардың ішінде 15 жанұя пәтерге «7-20-25» бағдарламасы бойынша қол жеткізген.

«Елбасының Жолдауында көрсетілген тапсырмаларға сәйкес Шымкентте биыл 9 791 пәтерлі үйлер салынды. Жыл соңына дейін қаламызда 40 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жалпы, қала аумағында 184 үй салынуда»,- деді тұрғындардың қуанышын бөлісуге келген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

Айта кетейік, қалада «7-20-25» бағдарламасына 130 адам өтініш беріп, банктер 90 өтінішті мақұлдаған.