Шығыстағы Риддер және Шемонаиха қалаларына оңтүстік өңірлерден көшіп келгендер пәтер кілтін алды.

Риддерде құрылысы  2017 жылы басталған тұрғын үйден 120 отбасы жаңа баспанаға ие болды.

«Биыл Риддер қаласы бойынша 9436 шаршы метр баспана берілді. Бұл соңғы 30 жылда болмаған көрсеткіш. Бүгін бір бөлмелі   40 пәтер, екі бөлмелі 70 пәтер, үш бөлмелі 10 пәтер табыстадық» — дейді аудан әкімінің орынбасары Евгения Нужных.

Шемонаихада 60 отбасы Жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алады. Бұл тұрғын үйдің құрылысына мемлекет бюджетінен 675,7 млн теңге қаржы жұмсалған.