28 желтоқсан күні Семей қаласында халықаралық әуежай ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті. 

Соңғы отыз жылда алғаш рет Семей әуежайында толық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты бюджеттен 10 миллиард теңге бөлінді. Енді ол халықаралық стандарттарға сай.

Әуежайда жөндеу жұмыстары болды:

  • 3100 метрлік ұшып-қону алаңын жөндеу;
  • Перронды жөндеу;
  • Жарық сигналын орнату;
  • Глиссдаты радио маяктарды орнату;
  • Төменгі қабаттарды жөндеу;
  • Әуевокзалын жөндеу.