«Алтай» арнасындағы тікелей эфирдегі «әкім сағатында» аймақ басшысы Даниал Ахметов «7-20-25» бағдарламасының өңірдегі қызметі туралы айтты.

Өңір басшысы тікелей эфирде сұрақтарға жауап беру барысында оған тұрғын хабарласып аталмыш бағдарлама туралы сұрақ қойды.

«Мен Семейде тұрамын. Енді ғана отбасын құрдым. «7-20-25» бағдарламасының тиімділігін естіп, біліп жатырмыз. Осы бағдарлама бойынша біздің қаламызда үйлер салына ма?», – деді тұрғын.

Әкім Семейдегі Қарағайлы ықшамауданында бағдарлама негізінде салынған 843 пәтер қолданысқа әзір екенін айтты.