Астанада медициналық қызметтерлерге жағдай жасау мәселесі ана мен бала өлімі оқиғаларының санын азайтуға бағытталған шараларды қабылдау жөніндегі қалалық штабтың көшпелі отырысында талқыға салынды.

«Мамандардың тапшылығына әсер ететін факторлардың бірі – Астанада тұрғын үйдің жоқтығы. Тек биылдың өзінде тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін квалификациялық босандыру қызметі мамандарына 11 пәтер бөлінді. Алдағы уақытта медициналық қызметкерлер үшін баспана салынатын болады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, баспананы қолжетімді ету мақсатында тұрғын үй сертификаттарын беру мәселесі де қарастырылған», — деді Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров.

Сонымен қатар, қала тұрғындары санының өсімін есепке ала отырып № 1 аурухананың базасында 250 орынға арналған жаңа босандыру блогы құрылысы және № 2 көпбейінді ауруханада орын санын 185-тен 220-ға дейін жобалары іске асырылатын болады.