Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының жаңа басшысы болып Алмасхан Ахметжанов тағайындалды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алмасхан Ахметжанов 19 жылдық еңбек тәжірибесін Алматы қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасында бас маман болып бастаған.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университеті мен М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының «Инженер-құрылысшы» мамандығын аяқтаған ол соңғы 10 жылда осы басқарма жетекшісінің орынбасары болған.

«Білім мен тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, қаланың кәсіби кадрлық әлеуетін одан әрі қалыптастыру үшін креативті сәулетшілер мен жобалаушыларды құрылыс жобасын дайындауға тарту керек», — деді жаңа қызметке келген Алмасхан Ахметжанов.