Ақтөбе облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысы Иманалин Нұрлан Жұмашұлы өңірдегі құрылыс саласында болып жатқан өзгерістер мен өзі басқарып отырған басқарма туралы сұқбат берді.

— Нұрлан Жұмашұлы, жыл соңындағы қарбаластарға қарамастан біздің сауалдарымызға жауап беруге уақыт тапқаныңызға алғыс білдіреміз! Ең алдымен өзіңіз басқарып отырған басқарманың атқаратын қызметінің негізгі бағыттарын атап өтсеңіз?

— Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы өзінің қызметін үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырады: бұл тұрғын үйлер құрылысы Бағдарламасын іске асыру бойынша қызметті үйлестіру, бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік сала нысандарының құрылысын жүргізу және облыстың елді мекендерін қала құрылыстық құжаттарымен қамтамасыз ету. Басқармаға негізгі екі түйінді индикатор жүктелген бұл: «Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жалпы көлемі» және «Құрылыс жұмыстарының физикалық көлем индексі».Аталған индикаторларға ай сайыңғы мониторинг жүргізіледі.Сонымен қатар, басқарма «Нұрлы жер», «7-20-25» тұрғын үй бағдарламаларының әкімшісі болып табылады және мониторингті жүзеге асырады.Әлеуметтік саланың әр түрлі нысандарына жобалар әзірлеуді және оның мемлекеттік сараптамасын алуды жүзеге асырамыз.

— Басқармаға осы жылға жүктелген міндеттер туралы айтып кетсеңіз?

— 2018 жылы бюджеттік қаражаттардың есебінен 169-дан астам нысандардың құрылысы жүзеге асырылуда. Нысандардың құрылысына арналған жылдық жоспар 35,4 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде 23,7 млрд.теңге республикалық және 10,7 млрд.тенге жергілікті бюджеттен. 2018 жылғы 11 айға арналған игеру 33,9 млрд.теңгеніқұрады. Ағымдағы жылы пайдалануға беруге көзделген бюджеттік нысандарды уақытында іске қосу үшін тиісті шаралар алынуда.

— Сіздің мекеме қандай салалар бойынша құрылысты жүзеге асырады?

— Білім саласы бойынша 2018 жылы 29 нысан құрылысы жоспарланған, олардың 17- республикалық және 12 — жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Республикалық бюджеттен жоспарлы қаражат көлемі 9 364,5 млн. теңгені, жергілікті бюджеттен – 3 498,9 млн. теңгені құрайды. 2018 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша 12 615,8 млн.теңгесі игерілді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 2018 жылы4 нысанның құрылысы жоспарланған, олардың 1-республикалық бюджеттен және 3 — жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

Республикалық бюджеттен жоспарлы қаражат көлемі 3 652,9 млн. теңгені, ал жергілікті бюджеттен – 618,7 млн. теңгені құрайды. 2018 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша 4 136,7 млн.теңгесі игерілді.

Коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 2018 жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 4 нысан жоспарланған, олардың 1-республикалық бюджеттен және 3 — жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.Республикалық бюджеттен жоспарлы қаражат көлемі 472,7 млн. теңгені, ал жергілікті бюджеттен – 490,8 млн. теңгені құрайды. 2018 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша 870,9 млн.теңгесі игерілді.

Мәдениет нысандарын дамыту саласы бойынша 2018 жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 6 нысан жоспарланған. Ағымдағы жылға жоспарлы қаражат көлемі 723,3 млн. теңге құрайды. 2018 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша 691,9 млн.теңгесі игерілді.

Спорт объектілерін дамытуға 2018 жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 6 нысан жоспарланған. Ағымдағы жылға жоспарлы қаражат көлемі 739,6 млн. теңгені құрайды. 2018 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша 739,6 млн.теңгесі игерілді.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарлама шеңберінде 2018 жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 13 нысанның құрылысы жоспарланған. Ағымдағы жылға жоспарлы қаражат көлемі 294,9 млн. теңгені құрайды. 2018 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша 209,4 млн.теңгесі игерілді.

— 2018 жылдың есепті кезеңінде «Нұрлы жер» жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында қандай жетістіктерге қол жеткізілді?

— Ақтөбе облысы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2018 жылға барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 870,0 мың.м2құрайды. Ағымдағы жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша 707,0мың.м2тұрғын үй пайдалануға енгізілді.Есепті кезеннің ішінде тұрғын үй құрылысына 59,7 млрд.теңге инвестиция тартылған, соның ішінде 10,4 млрд.теңге мемлекеттік қаражаттар.

— Ақтөбе қаласында тұрғын үйлер көп көлемде пайдалануға берілді, ал аудандарда қандай жұмыстар атқарылды?

— Жергілікті бюджет қаражатының есебінен жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлер құрылысы аудандарда салынуда.

2018 жылыжалпы алаңы7,5 мың шаршы метрді немесе 91 пәтерлерді құрайтын жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы атқарылды. 2018 жылғы11 айдың қорытындысы бойынша 5,2 мың м2немесе 57 пәтер(бұл облыстың Әйтеке би, Байғанин, Темір, Шалқар аудандарындағы 1,2 ,8 пәтерлі тұрғын үйлер)іске қосылды. Қалған аудандардағы тұрғын үйлер 2019 жылға ауыспалы болып табылады.

— Кезекте тұрған несиелік пәтерді ала алмайтын азаматтар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер салу жоспарда бар ма?

— Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған Жолдауында халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін ірі қалаларда жалдамалы тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажет делінген.2018 жылы республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алу құқығынсыз Алға, Қарғалы, Хромтау аудандарында және Ақтөбе қаласында (26,8 мың м2 немесе 360 пәтер) жалдамалы тұрғын үйлер құрылысы жүргізілуде.11 айдың қорытындысы бойынша Алға, Қарғалы аудандарында жалпы ауданы 9,3 мың. м2 немесе 120 пәтерді құрайтын 5 қабатты тұрғын үйлер іске қосылды.2018 жылдың желтоқсан айында Хромтау ауданында екі 4 қабатты тұрғын үйді пайдалануға енгізу жүзеге асырылатын болады, ал Ақтөбе қаласының «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивіндегі 9 қабатты тұрғын үй 2019 жылға ауыспалы болып табылады. Сондай-ақ, бұл бағытта 2019 жылы Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысын іске асыру үшін ҚР ИДМ-не жалпы сомасы 4,8 млрд.теңгеге тиісті өтінімдер жолданды.

— Мемлекет басшысы әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған бес бастамаларды жария етті. Бірінші бастама — тұрғын үй сатып алу үшін жаңа мүмкіндіктер. Бұл жөнінде не айта аласыз?

— Ағымдағы жылы «7-20-25» тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын жаңа ауқымды бағдарлама іске қосылды. Бағдарлама Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінде айтылған бірінші әлеуметтік бастаманы іске асыру шеңберінде әзірленді. Атап айтқанда, ипотекалық қарыздарды сыйақы мөлшерлемесі –жылдық 7%, бастапқы жарна –20%, қарыз мерзімі –25 жылға дейін болатын талаптармен беруді көздейтін «7-20-25» бағдарламасын іске қосу тапсырылды.Бағдарламаға Қазақстан Республикасының еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алатын табысы бар, сондай-ақ меншік құқығында тұрғын үйі жоқ кез келген азаматы қатыса алады.

— Президенттің Жолдауында өңірлерге жергілікті бюджеттен жеңілдік ипотекасы бойынша бастапқы жарналарды ішінара субсидиялау мәселесін пысықтау тапсырылды. Бұл бағытта қандай шаралар алынуда?

— Президенттің Жолдауында өңірлерге жергілікті бюджеттен жеңілдік ипотекасы бойынша бастапқы жарналарды ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырды, бұл білікті педагогтар, дәрігерлер, полиция қызметкерлері және басқа да облысқа қажетті мамандар үшін ипотеканың қолжетімділігін арттырады.Ақтөбе облысының әкімдігі «Баспана Ипотекалық ұйымы» АҚ-мен Ақтөбе облысында таяудағы жылдары 800,0 мың шаршы метрден астам кредиттік тұрғын үйлерді салу, 20% алғашқы жарнаны төмендету жөнінде ниеттестік туралы Меморандумға қол қойды.

Қазіргі таңда өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған кредиттік пәтерлерді қысқа мерзім ішінде сату мақсатында алғашқы жарнанын 10%-ын өтеу үшін жергілікті бюджеттен 250,0 млн.теңгебөлінген. Бұл мақсатта ЖАО кезекте тұрған азаматтарға мерзімі 5 жылға пайыссыз қайтарымды ссудалар ұсыну жоспарланып отыр. Ол үшін 2018 жылғы 07.11. Ақтөбе облысының әкімдігі және «ҚТҚЖБ» АҚ арасында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында сатып алынатын пәтер құнының 10% алғашқы жарнасын өтеу үшін қайтарымды негізде пайыссыз ссудалар ұсыну жөнінде Келісімге қол қойылды.

Бұл механизмді қатысатын азаматтар санатын анықтай отырып, бірыңғай Ережелерді әзірлеу жолымен «7-20-25» бағдарламасына енгізу көзделіп отыр. Үкімет тарапынан тиісті бірыңғай Ережелер бекітілген соң бұл бағытта ауқымды шаралар жүргізілетін болады.

— Әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер құрылысы барысында әр түрлі технологиялар қолданылуда, облыста құрылысқа қажетті материалдар жеткілікті бола ма?

— Бүгінгі күні Ақтөбе облысы 82%-ға жергілікті өндірістің құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіліп отыр. Құрылыс индустриясы саласында облыс бойынша 150 кәсіпорын қызмет атқарады: силикат және керамикалық кірпіш өндіретін 6 зауыт, темірбетон бұйымдарын өндіетін 11 зауыт, инертті материалдарды өндіретін 60 кәсіпорын, құбырларды өндіру бойынша 10 компания, бояулар мен лактар, жылуоқшаулағыш материалдар, металл плиталар және т.б. өндіру бойынша 63 кәсіпорын және т.б. Соңғы жылдары жаңа өндірістерді енгізу арқасында құрылыс өндірісінің технологиясы күрт өзгерді, өндірілген құрылыс материалдарының ауқымы кеңейді, олардың сапасы жақсарды. Тұрғын үй құрылысында, әлеуметтік нысандарда, негізінен жергілікті материалдар — кірпіш, темірбетон, терезелер, есіктер және т.б. құрылыс материалдары қолданылады. Силикат және керамикалық кірпіштер – «Лотос» ЖШС, «Көктас-Ақтөбе» АҚ мен кірпіш зауытында; жабын плиталары, арқалықтар, керамзит «СтройДеталь» ЖШС және «Стройбетон» ЖШС өнеркәсібінде; қиыршық құм мен қиыршық тас Ақтөбе кенсіз материалдар комбинатында; минплита «Базальт-А» ЖШС-де; битум – битум зауытында; ішкі есіктер Ақтөбе жиһаз фабрикасында өндіріледі.Өкінішке орай, кейбір материалдарды (линолеум, шыны және т.б.) шетелдік өндірушілерден қолдануға тура келеді.Биылғы жылы жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу жоспарланып отыр. Олар қуаттылығы 120 млн.дана құрайтын «Көктас-Ақтөбе»АҚ силикат зауыты, қуаттылығы 170 мың м3 құрайтын бетон өндірісі зауыты, қуаттылығы 5 млн.ш.м болатын керамогранит пен керамикалық плитка өндіретін «Зерде Керамика Актобе»ЖШС және т.б. Құрылыс индустриясындағы қазақстандық үлес жыл сайын артып келеді, отандық өндірушіге үлкен көңіл бөлініп, жергілікті өндіріс өнімдерін шығаратын компаниялар саны артып келеді.Жаңа өндірістерді іске қосу арқасында жергілікті өндірістегі құрылыс материалдарын қолдану 90%-ға жетеді деп күтілуде.

— Мемлекеттік қаражаттың есебінен тұрғын үйлердің құрылысы жөнінде хабардар болдық, ал одан басқа өңірде квазимемлекеттік сектордың есебінен тұрғын үйлер құрылысы жүргізіледі ме?

— Бұл бағытта өңірде «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ және «Самрұқ-Қазына» АҚ желісі арқылы жалдамалы тұрғын үйлер құрылысы жүргізілуде.«Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ арқылы2017 жылы жалпы алаңы 44,0 мың.м2құрайтын екі 9 қабатты тұрғын үйлер немесе 566 пәтерлер құрылысы басталған. Жобаның құны 3788,1 млн.теңгені құрайды. Қаржыландыру «КИК» АҚ қаражатының есебінен жүзеге асырылды. 11 айдың қорытындысы бойынша нысандар іске қосылды, бұл ЖАО кезекте тұрған 560-қа жуық отбасыны жайлы пәтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.«Самрұқ-Қазына» ЖМҚ» АҚ жүйесі арқылы жалдамалы тұрғын үйлер. Аталмыш бағыт бойынша жалпы алаңы 22,4 мың.м2құрайтын Батыс-2 шағын ауданындағы 9 қабатты 6 кіреберісі бар 356 пәтерлі тұрғын үйлер жүзеге асырылуда. Жобаның құны 3600,0 млн.теңгені құрайды. Қаржыландыру «Самрұқ-Қазына» ЖМҚ» АҚ қаражатының есебінен жүзеге асырылуда. Нысанды 2018 жылдың желтоқсан айында пайдалануға енгізу жоспарлануда.

— Салынатын нысандардың сапасы уәкілетті органдармен қадағаланады ма?

— Әрине салынып жатқан нысандардың сапасы тапсырыс беруші, авторлық және техникалық қадағалау тарапынан қатаң бақыланады. Сонымен қатар, облыста құрылыс сапасын бақылайтын мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасы әрекет етеді және Заңға сәйкес тиісті шараларды атқарады.

— Мемлекет Басшысының Жолдауында Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіру тапсырылған. Құрылыс саласында жағдай қалай болмақ?

— Құрылыс кешені өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің елеулі үлесін қосуда. Құрылыс кешенінде 10 мыңнан астам адам қызмет атқаруда. Өткен жылмен салыстырғанда саладағы орташа еңбек жалақысы 26,4 пайызға өсіп, 147,6 мың теңгені құраған. Елбасы Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды.Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыста құрылыс жұмыстарын атқарып жатқан «Интерстиль»ЖШС, «Соллерс» ЖШС, «Ақтөбеэлектросетьстрой» ЖШС, «Бабэк Құрылыс» ЖШС, «Ақтөбе Саулет» ЖШС, «Фагот и К» ЖШС, «Азия Газ Монтаж» ЖШС, «Кварц-СпецСервис» ЖШС секілді және т.б. мердігерлік ұйымдар бойынша талдау жүргізіліп 42,0 мың теңгеден төмен жалақыны алатын 40-қа жуық қызметкерлер саны анықталды.Облыста құрылыс саласы өзге салаларға қарағанда салыстырмалы түрде орташа жалақының жоғары екені белгілі. Сондықтан құрылыс саласында төмен жалақы алатын жұмысшылар саны төмен, олардың қатарына көбінесе күзетшілер, еден жуушылар, көлік жүргізушілер кіреді.

Қазіргі таңда 42,0 мың теңгеден төмен жалақыны алатын қызметкерлері бар құрылыс компаниялардың басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, еңбек жалақысын 18-25%-ға арттыру көзделіп отыр (32,5 мың. теңгеден 44,5 мың теңгеге дейін).Осыған орай, төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты бұл бастаманы ірі құрылыс компаниялары барынша қолдауда.

— Жалпы өңірде «7-20-25» бағдарламасын халық арасында кеңінен насихаттау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіледі ме?

— Облыс әкімінің 05.09.2018 ж. №394 өкімімен мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Ұлттық банктің өңірлік филиалдарының, «тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» қатысуымен «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс тобы құрылды.

«7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша бірыңғай іс-шаралар жоспары бекітілді.

«ҚР Ұлттық Банкі», «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарымен «7-20-25» және «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша екінші деңгейлі банктердің, құрылыс компаниялардың және қала кәсіпорындардың қатысуымен тұрақты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде (апта сайыңғы негізде промо-акциялар, ашық есік күндері, брифингтер, дөңгелек үстелдер және т.б).

— «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» – Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру (жатақхана құрылысы) бастамасына қатысты не айта аласыз?

— Тапсырманы орындау мақсатында жасалған сараптамаға сәйкес кәсіптік-техникалық білім ұйымдары үшін 1960 орынға арналған 7 жатақхананың құрылысына қажеттілік анықталды. Білім басқармасымен 7 нысанды жобалауға бюджеттік өтінім тапсырылып, облыстық бюджеттен 3 жобаға 18,0 млн.теңге қаралды. Нысандар бойынша жобалық- сметалық құжаттама дайындау үшін жеңімпаздарды анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, конкурс нәтижесі бойынша тиісті жобалық мекемелері анықталды. Екі жатақханабойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын және мемсараптаманың қорытындысын алу үшін жүктелді.Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы, Асау барақ көшесі, 39 мекен- жайда орналасқан «Кеңес Одағының батыры М. Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжі» МКҚК-на жобалық сыйымдылығы 184 орындық жатақхананысаныбойынша ЖСҚ дайын, алайда қосымша жер учаскесін бөлу мақсатында Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімінде қаралуда.

— Ақтөбе қаласы агломерацияның ядросы болып табылады. Агломерацияны барынша дамыту үшін ең бастысы бұл қалақұрылыстық құжаттарды әзірлеу болып табылады. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылуда?

— Сіздің айтуыңыз дұрыс. Кез-келген елді мекенді дамыту үшін ең алдымен егжей-тегжейлі жобалау жоспары әзірлену қажет. Қала және аудандар бойынша бұл жұмыстарды сәулет бөлімдері жүзеге асырады. Оның ішінде агломерация ядросы болып табылатын Ақтөбе қаласы бойынша ағымдағы жылы азқабатты 6 және көпқабатты 1 егжей-тегжейлі жоспарлар әзірленді. Атап өтетін болсақ;

«Шығыс», «Бауырластар-5», «Елек-2», «Жаңа ауыл1», «Жаңа ауыл2», «Жаңақоңыс-5», «Батыс-1» 9 шағын аудан. Бұл аудандардан жеке тұрғын үйлер құрылысына, әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың құрылысына жер участкелері бөлінетін болады. Мәселен, ағымдағы жылы өңірде15 мыңнан астам жер учаскелерін бөлу көзделген.

— Қазіргі таңда ғимараттардың сәулеттік келбетіне ерекше көңіл бөлінуде. Салынатын ғимараттардың сәулеттік келбетін кім қадағалайды?

— Ғимараттардың сәулеттік келбетіне ерекше көңіл бөлінуде. Ақтөбе қаласы мен облыс әкімдігі жанында өңірде салынатын жобалардың сәулеттік келбетін қадағалайтын арнайы комиссиялар бар. Негізі, жобалар бойынша ескертулер ғимараттардың сәулетті бейнесіне, ғимараттардың қасбетін бейнелі безендіруге, қазіргі әрлеу материалдарын қолдануға қатысты болып табылады. Ғимараттардың сәулеттік бейнесін сәйкес келтіру мақсатында бізбен облыстың сәулеттік дамыту тұжырымдамасын әзірлейтін маман-сәулетшілері тартылуда. Жобалардың заманауи келбетін қамтамасыз ету үшін жергілікті құрылыс индустриясының құрылыс материалдарын қолдану ұсынылуда.