Қазақы стиль этностильге жатады және ол үш ережеге сай құрылған: шынайылық, қарапайымдылық және бірнеше ғасырлар бойы келе жатқан ұлттық құндылық. Біз үшін үй дизайны ең алдымен тарих тұңғиығынан сыр шертуі тиіс. Онда табиғи материалдар, аң терісінен жасалған төсемелер мен қолдан тоқылған түскиіздер болуы мүмкін.

Сіз үйіңізді заманауи қазақы стильде болғанын қаласаңыз, ең алдымен ұлттық дәстүрлермен танысыңыз. Ежелгі мәдениеттің элементтері интерьерде заманауи тенденция және стиль формасына сай болуы тиіс. Егер осы шарттардың бәрі сақталған болса, бірегей және жайлылыққа толы, ұлттық бояуы бар үйдің иесі бола аласыз.