«Сүйікті қаламызды жаңарту» форумы кезінде Алматы қаласының әкімішілігінің «Ескі үй» бағдарламасын жүзеге асыру үшін инвестор іздестіріп жатқаны белгілі болды.

Қазіргі таңда қалада апаттық жағдайда тұрған 948 үй бар. Оның 56-ы ғана бұзылып, орнына жаңа заманауи көп қабатты үйлер салынған.

«Биыл осы жобаны жүзеге асыру мақсатында 3 ірі компания құны 45 млрд теңге болатын келісімшартқа отырды. Осы бойынша қалада үш ірі жобаны бастадық. Бірі Сүлейменов көшесінің бойында, ал қалған екеуін өз күшімізбен аяқтау керекпіз. Қазіргі таңда кәсіпорын Алматы көшелерінің ұсқынын кетіріп тұрған үйлерді сүруге басымдық беріп жатыр» , — деді «Капиталды құрылыс кәсіпорны» ЖШС директоры Ғани Сағиев.

Адам  өміріне қауіп төңдіретін үйлер бұзылмақ. Бірақ үйлерді сүру процесі инвесторлармен бірлескен экономикалық-қаржылық есептің мерзіміне байланысты болады. Жобаның бас проблемасы — бұл үйлердің қаланың шеткі аудандарында орналасуы.

«Бұрын осы баспаналар тек мемлекеттің қаражатына ғана жаңартылса, бүгінде жеке қаржы тартылып жатыр. Жекеменшік компаниялар өз ақшасына салады. Ал мемлекет әкімшілік тұрғыдан көмектеседі. Тұрғын үйге инфрақұрылым, су, жарық тартып береді. Сүлейменов көшесінің бойындағы бұзылып жатқан үйлердің тұрғындары мен жөндеу жұмыстарын өткізіп жатқан адамдарға уақытша Жандосов көшесінің бойындағы  40 пәтерді ұсындық», — деді кәсіпорын  өкілі Әзірбаев Мұхит.

«Ескі үй» бағдарламасының арқасында көптеген алматылық тұрғындар ескі үйден жаңа үйге көшіп жатыр. Кәсіпорын қос қабатты ескі үйлерді сүріп тастап, олардың орнына биік 9-12 қабаттық үй салады.