Қазақстанда металлпластика бұйымдарын шығаратын зауыт жұмысын бастады. Зауыт жұмысын бастауға бүгін ЕХРО Конгресс-орталығында өтіп жатқан «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты жалпы ұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев рұқсат берді.

«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біздің кешеннің қуаты еліміздің ірі мегаполисінің бүкіл қалдық көлемін қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Алматы үшін экология мәселесін шешу — адамдардың өмір сапасын жақсартудың басымдықты міндеттерінің бірі. Біз тек қана ең заманауи технологиялық шешімдерді қолданып, алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені пайдалана беретін боламыз», — деді «El Invest Company» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Эдгар Салдузи.

ҚР Президентінің айтуынша, Алматы қайта өңдеу зауытынан алынған шикізаттан полимер және басқа да өнімдер өндірілетін болады.

«Астанаға да және басқа да ірі қалаларға дәл осындай зауыт салу керек. Барлық қоқыс қайта өңделіп, олардан өнім шығарылуынан бизнес пайда табуы тиіс», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.