Оңтүстік Корея республикасы мен іліміздің ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында «Бәйтерек» холдингі делегациясы аталмыш елге жұмыс сапарымен барды.

Корей Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қазақстанның Кореядағы Елшілігі ұйымдастырған «Бәйтерек» холдингі компаниялар тобының қазақстандық-кореялық жобаларын қаржылай және қаржылық емес қолдау» атты бизнес-семинарға қатысқан корей кәсіпкерлері, әсіресе Түркістан облысындағы жол құрылысы жобасына өз қызығушылықтарын білдірді.

Сапар бағдарламасы Кореяның KOLON Investment, Кореяның Шетелдік қала инфрақұрылымын дамыту корпорациясы, EximBank, Hyundai E&C, Кореялық даму институты (KDI), K-Sure сауданы сақтандыру корпорациясы, Кореяның инвестициялық корпорациясы (KIC), Тұрғын үй және қаланы дамыту кепілдігі корпорациясы, SK Lubricants, Корей технологиялық даму институты (KIAT) сияқты ірі корпорацияларымен іскерлік кездесулерді және бірлескен жобаларды қолдау бойынша бизнес-семинарды қамтиды.

Холдингтің қолдауымен Қазақстанда жобаларға қатысу үшін бірнеше кореялық компаниялармен уағдаластыққа қол жеткізілді.