Тұңғыш Президент күні мерекесінде Қостанай облысында жоғары сапалы цемент зауыты іске қосылды.

Жобаны іске асыруға 100 миллион доллар немесе шамамен 18 млрд теңге инвестиция құйылған.

«ДКБ-2020» бойынша банк алдындағы -1 млрд 350 миллион теңге проценттік мөлшерлеменің субсидиясы берілді. 750 миллион теңге инженерлік коммуникацияларға бөлінді, 730 миллион теңге кепілге берілді, тағы 600 миллион теңге теміржолдарға бөлінді. Бастысы, цементтің сапасы жақсы болсын», — деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Зауыт Қазақстанға және Ресейдің оңтүстік облыстарына цемент жеткізетін болады.

«Ресейдің Уфа қаласы 200-300 мың тонна, яғни зауыттың жобалық қуатының жартысын алуға әзір. Жергілікті тұтынушылармен де кездестік. Облысқа 200 мың тоннадай цемент қажет. Бюджет 200-ге дейін жұмысшыға жалақы төлеуге шақталған. Дегенмен зауыт қарқын алғанда жұмысшылар саны 304-ке жетеді», — дейді кәсіпорынның директоры Артем Макласов.