Бұл Қазақстандағы темірбетонды тірексіз бірегей көпір жаңа технологиямен салынған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жайық өзені арқылы өтетін көпір транзиттік тасымалдауды дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асқан облыстағы 7-ші көпір. Ұзындығы — 860 метр, ені-13 метр. Оның құрылысы 2014 жылы мемлекет тапсырысымен басталған. Ол 180 тоннаны көтере алады.

«Жаңа технология мен жаңа техникалар келіп, халықтың игілігі үшін қысқа уақытта сапалы нысандар салу мәселесі шешілуде. Осы көпір құрылысын салуға ат салысқан барлық азаматтарға, соның ішінде мердігер «АтырауИнжстрой» мекемесіне зор алғысымды білдіремін. Жаңа нысан ел игілігіне, облыс қажеттілігіне жарасын», — деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.