«ПМК Құрлыс» ЖШС-і  2004 жылдың қаңтар айында Ақжар ауылының тумасы, кәсіпкер Набиев Қайраттың жетекшілігімен шағын кәсіпкерлік нысаны ретінде өз тарихын жаза бастады.

Бүгінде құрылыс индустриясы саласында 1 — санатты лицензиат кәсіпорын, аудан, облыс  көлемінде құрылыс, құрылыс-жөндеу жұмыстарын ойдағыдай атқарып, жетекші құрылыс компанияларының қатарынан көрінуде. Ақжар ауылында орналасқан өндірістік кешен негізінде темір бетон бұйымдарын өндіру цехы, кірпіш зауыты, пластик есік-терезе жасау цехы, ағаш дайындау, өңдеу цехы, 70-тен  астам автомашина және арнайы техникалар паркі қалыптасты.

Осы жылдар аралығында ауданымызда Құмкөл, Ахметбұлақ, Жамбыл, Ақжар, Қабанбай, Қарасу, Көкжыра, Ойшілік, Жаңалық, Кіндікті, Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдарында ауыз су құбыры желілерін салу жұмыстары ойдағыдай аяқталды. 2006-2008 жылдар аралығында Ақжар өкпе ауруларына қарсы емдеу ауруханасы құрылысы,  2009 жылы  Ақсуат ауылынан кәріз тазарту нысаны, 2010 жылы тасқын судан зардап  шеккен  Көкжыра, Жәнтікей, Көктүбек, Ойшілік, Қызыл-Кесік, Тәуке ауылдарында салынған 443 тұрғын үйлердің және Жәнтікей ауылының ішкі көшелер құрылысы. 2011 жылы Өскемен қаласындағы Комендантка өзені арнасын қайта жаңғырту жұмыстары, Тұғыл ауылында кәріз желілері жүйесі, 2012 жылы Тана-Мырза ауылында 80 орындық мектеп құрылысы, 2013 жылы Ақсуат аулында 100 орындық интернат құрылысы, 2014 жылы Қарасу ауылында 130 орындық мектеп құрылысы осы жылы Жетарал ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы, Ақсуат ауылында  кәріз жүйелері және биологиялық тазарту қондырғыларының құрылысы ойдағыдай абыроймен аяқталды.

2016-2017 жылдары Тебіске өзенінде орналасқан су бөгетін және су жүру каналдары құрылысы ойдағыдай аяқталып пайдалануға берілді.

Бүгінгі күні Ақжар ауылындағы 600 орындық мектеп, 300 орындық интернат, Тұғыл ауылында ауыз су жүйелері, Көкпекті ауданы Кіші Бөкен өзенінде орналасқан су бөгеті және су жүру каналдары құрылыстары ойдағыдай жалғасуда.

Осы құрылыс нысандарында орта есеппен 150 адам табысты еңбек етуде. Атап айтсақ, инженерлік-техникалық құрамда  — Кеңесов Нұрахмет, Құдайбердінов Ерлан, Абдрахманов Айбек, Қалелов Төлеубек, Набиева Зайра, Мұратханұлы Бекжан. Жүргізуші-механизаторлар — Рахымбаев Сайхан, Нұрахметов Қабдылманап, Нұғыманов Қуанбек, Түсіпбеков Мұхтар, Елғазин Тілек, құрылысшылар Тұрысбеков Жарас, Хамзаев Руслан, Қалиев Амангелді сынды еңбеккерлер кәсіпорынның ойдағыдай қызмет етуіне үлестерін қосуда. Кәсіпорын басшысы болып 2004-2017 жылдар Набиев Қайрат Қасымұлы қызмет атқарды. 2018 жылдан бастап Қалелов Қанат Шакейұлы кәсіпорын басшысы қызметін атқаруда.

«ПМК Құрлыс» ЖШС-і кәсіпорыны Тарбағатай ауданының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан, өткенінен болашағы зор еңбек ұжымы.

"ПМК Құрылыс" ЖШС-і кәсіпкер Набиев Қайрат "ПМК Құрылыс" ЖШС-і кәсіпкер Набиев Қайрат "ПМК Құрылыс" ЖШС-і кәсіпкер Набиев Қайрат "ПМК Құрылыс" ЖШС-і кәсіпкер Набиев Қайрат "ПМК Құрылыс" ЖШС-і кәсіпкер Набиев Қайрат "ПМК Құрылыс" ЖШС-і кәсіпкер Набиев Қайрат