«Алматы – жылы қала» бастамасының басқа 15 арт-құрылымдарын орналастыру осы мезгілде жоспарланып отыр. Бұл қазақстандық өнер қайраткерлерімен дайындалған жұмыстар. Олар қалада эстетикалық және де пайдалы міндетті атқаратын болады.   «Алматы біздің көз алдымызда өзгеруде. Қала тұрғындары үшін шырайлы әрі жақын болып келе жатыр. Веложолдар жасалынды, жаяу жүруге арналған көшелер пайда болды, демалуға болатын орындар көбейді. Оның барлығы тұрғындардың өмір сүру сапасын ғана жақсартып қоймай, кіші және орта бизнестің дамуына да өз әсерін тигізіп жатыр. Бұған «Алматы – Жылы қала» бастамасы жақсы келіп тұр. Қалада орнатуға ұсынылып отырған арт-құрылымдар жақсы эмоционалды күш береді. Бұл жоба белсенді қоғам өкілдері, урбанисттер және суретшілермен бірге жасалып, жетілдіріліп жүзеге асырылғаны әсіресе қуантады», — деп білдірді Алматы әкімдігінің Мәдениет басқармасының жетекшісінің орынбасары Найля Мулюкова.

Бастама авторларының айтуынша, «Алматы – Жылы қала» бір рет қана өткізілетін акция болып қалмайды.

«Қалалық арт-құрылымдар тек тұрғындардың көңілін көтеріп және шетелдік туристтерді қызықтыратын нәрсе емес. Олар назарды өзіне аудару арқылы қаланың түрлі орталықтарының дамуына өз әсерін тигізеді. Қазіргі заман өнері қала көшелерінде жаңа кеңістікті құрап, қала өмірін толығымен жаңарта алады. Сондықтан біз Алматының эстетикалық өзгерісін жалғастырамыз. Келешекте біз тағы да жаңа шығармашылық конкурстарды өткізуді жоспарлап отырмыз. Арт-құрылымдар Алматының барлық аудандарының көрінісін өзгертеді деген үміттеміз. Біз, алматылықтар, қаламыз қазіргі заманға сай, тұруға ыңғайлы және әлемнің ең әсем қалалардың санына кіруге лайықты екенін білеміз», — деді FUNK креативті агенттігінің директоры Майра Измайлова.